БАҚ пен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл оқиғаға ММА, джиу-джитсу және каратэден әлем чемпионы, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы Айдар Махметов те пікір білдірді.
"Жаңа ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен арадағы жағдай тек жұмыс мәселелері бойынша болған, қажет құжаттарды ұсынудан бас тартуға байланысты туындаған. Қандай да бір төбелес туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесетті таратпауын сұраймын", - деп жазылған жазбада.
Оның айтуынша, қазір жағдай толық реттелген, тараптар өзара түсіністікке келген және кикілжің шешілген.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.
"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін.
Кейінірек желіде оқиғаның видеосы тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Серік Сәпиев - 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазір ол Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.
Дәурен Есімханов - Серік Сәпиевтің орынбасары және танымал спортшы, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games-тің күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова