Australian Open: Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталды

Australian Open: Бублик пен Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Аустралия ашық чемпионатында қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Недовесовтің жұптық сында кіммен бірге ойнайтыны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде Бублик ресейлік Аслан Карацевпен жұптасып кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сыралғы серіктесі, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бақ сынамақ.

Аустралия ашық біріншілігі 16-27 қаңтар аралығында өтеді.

Негізгі турнирде Қазақстаннан Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева, Анна Данилина (жұптық сын, микст) және Александр Недовесов (жұптық бәсеке) өнер көрсетеді.

Оған қоса, Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Тимофей Скатов іріктеу сындарынан өтуге тырысып көреді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан