Орталық Азиядағы ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Орталық Азиядағы ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды
Фото: instagram.com/kff_team/

Түркияның "Бешикташ" командасында ойнайтын отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов Орталық Азиядағы ең қымбат футболшылар көшін бастады, – деп хабарлайды Tengri Sport.

Transfermarkt интернет порталы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері ойыншыларының трансферлік құнын жаңартты. Өткен жылы өзбек шабуылшысы Элдор Шомурадов ең қымбат футболшы болса, биыл қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов бірінші орынға шықты. 

Беделді интернет портал отандасымыздың трансферлік құнын 6 миллион еуроға бағалаған. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Ресейдің "Зенит" командасында ойнайтын Нұрәлі Әліп те енген. Оның трансферлік құны – 3 миллион еуро, рейтингте 4-орынға жайғасқан. Өзге 8-і өзбек елінің футболшылары.

Орталық Азиядағы ең қымбат 10 футболшы:

Бахтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Қазақстан) - 6 миллион еуро,
Элдор Шомуродов ("Кальяри", Өзбекстан) - 5 миллион еуро,
Аббосбек Файзуллаев (ЦСКА, Өзбекстан) - 4 миллион еуро,
Нуралы Алип ("Зенит", Қазақстан) - 3 миллион еуро,
Отабек Шукуров (клубы жоқ, Өзбекстан) - 2,5 миллион еуро,
Жалолиддин Машарипов ("Пансерраикос", Өзбекстан) - 1,5 миллион еуро,
Абдукадир Хусанов ("Ланс", Өзбекстан) - 1,5 миллион еуро,
Игорь Сергеев ("Патхум Ю", Өзбекстан) - 1,2 миллион еуро,
Одилджон Хамробеков ("Пахтакор", Өзбекстан) - 1,2 миллион еуро,
Хожиакбар Алижонов ("Пахтакор", Өзбекстан) - 1 миллион еуро.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай