Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы сатылады

Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы сатылады
Фото: "Қайсар" ФК

"Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы 23 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады, – деп жазды спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында.

"Бастапқы баға – 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаптармен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады", - деп жазылған аталған хабарламада.

"Қайсар" ұжымы осы уақытқа дейін "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының" балансында болған.

Айта кетейік, қызылордалық команда өткен маусымды 6-орынмен аяқтаған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай