Жыл нокауты! Жәнібектің жекпе-жегі үздік атануға үмітті

Ортал салмақта WBO және IBF чемпиондық атағына ие қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жекпе-жегі Top Rank сауалнамасы тізіміне енді. Отандасымыз жылдың үздік нокаут шебері марапатынан үмітті. 

Жәнібек өткен жылдың мамыр айында WBO чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Канадалық Стивен Батлерді (33-4-1, 27 КО) екінші раундта нокаутпен айқын жеңіп шықты. 

Эндрю Малони мен Хунто Накатани, Луис Альберто Лопес және Майкл Конлан, Жәнібек Әлімханұлы және Стивен Батлер немесе Чжан Чжилей мен Джо Джойс арасындағы екінші жекпе-жек? Жылдың үздік нокаут шеберіне дәл қазір дауыс беріңіз!", - деп жазды Top Rank промоутерлік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Top Rank Boxing (@toprank)

Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеуіне ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) биыл тағы бір атақты жеңіп алуды мақсат тұтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай