"Қайрат" командасы қатарына грузиялық шабуылшы қосылды

"Қайрат" командасы қатарына грузиялық шабуылшы қосылды
Фото: @f.c.kairat

Алматының "Қайрат" футбол клубы қатары жаңа ойыншымен толықты. Команда Грузия құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Гиорги Зариамен келісімшарт жасасты. 

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған. 

Гиорги Зариа кәсіпқой мансабын грузиялық "Саско" клубында бастаған. 2015 жылы ол "Динамо" Тбилисиге көшіп, онда бес жарым жыл ойнаған. Командамен бірге ол Грузияның үш дүркін чемпионы атанып, екі мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Соңғы үш жылда ол "Динамо" Батуми намысын қорғаған. Биыл 39 матч өткізіп, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Осылайша командасына алтын медаль жеңіп алуына үлес қосты.

2021 жылдың күзінде Зариа Грузия құрамасы сапында Испаниямен өткен матчта бастапқы құрамда шығып, дебют жасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай