Алматыда аты аңызға айналған боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда аты аңызға айналған боксшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: ©️ qaz365.kz

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында танымал қазақстандық боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қоғам" жасағының еріктілері жариялаған жазбаға сәйкес, Алматыда 14 желтоқсанда 64 жастағы ер адам жоғалып кеткен.

"Нұрқазов Серік, 10.04.1959 жылы туған. 14 желтоқсанда Луганского көшесі мекенжайындағы үйден белгісіз бағытта шығып кеткен, бүгінгі күнге дейін оның қайда екені белгісіз.

Киім: сұр қалпақ, капюшоны бар көк күрте, ақ водолазка, қара джинсы шалбар.

Жоғалған адам туралы мәлімет білетіндер +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almatу-ға хабарласу сұралады", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Поиск пропавших людей (@kogam_almaty)

Серік Нұрқазов 1980 жылдары КСРО құрамасында болған. Ол - 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы, Қазақстан мен КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. 1984 жылы "Үздік боксшы" атағы берілді. Қазақстандықты бокс профессоры атағын алған. Көптеген тәжірибелі жанкүйер оны әлі күнге дейін кеңестік бокс тарихындағы ең техникалық жауынгерлердің бірі деп санайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек