Түркия футболында тағы да төбелес: төреші 5 ойыншыға қызыл қағаз көрсетті

Түркия футболында тағы да төбелес: төреші 5 ойыншыға қызыл қағаз көрсетті
Фото: turkiyeiyigazete.com

Футболдан Түркияның екінші лигасындағы "Бурсаспор" және "Диярбакырспор" арасындағы матчта ойыншылар жаға жыртысып, 5 бірдей футболшы алаңнан қуылды. Жанкүйерлер де наразылық ретінде алаңға заттар лақтырған. 

Ойында "Диярбакырспор" командасы 2:0 есебімен ұтып тұрған. 82-минутта екі команда ойыншылары арасындағы келіспеушілік соңы төбелеске ұласқан. 

Кейінгі уақытта Түркия футболында дау-жанжал артты. Жуырда ғана Суперлигадағы "Анкарагюджю" және "Ризеспор" командалары арасындағы кездесуде клуб президенті бас төрешіні соққыға жыққан еді. Бұл оқиға қоғамда дүмпу тудырып, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен FIFA президенті Джанни Инфантино мұндай бассыздыққа жол берілмеуі жайлы пікір білдірді

Бірер күн бұрын Түркия Суперлигасындағы "Истанбулспор" мен "Трабзонспор" ойыны да соңына дейін жетпеді. Бас төрешінің шешіміне наразы болған "Инстанбулспор" командасының президенті командасын соңына дейін ойнатпай, алаңнан алып кетті. Бұған қатысты Түркия футбол федерациясы қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай