Ұлттық құрама капитаны мексикалық кәсіпқой боксшыдан нокаутпен жеңілді

Ұлттық құрама капитаны мексикалық кәсіпқой боксшыдан нокаутпен жеңілді

Халықаралық бокс федерациясы (IBA) ұйымдастырып жатқан Астанадағы бокс кешіндегі үшінші жекпе-жек аяқталды. Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов мексикалық Хосе Мигель Боррегоға (20-4, КО 17) техникалық нокаутпен жол берді. 

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Алғашқы үш раундты сәтті өткізген Асланбек төртінші раундта тойтарыс бере алмады. Кәсіпқой бокста 24 жекпе-жек өткізіп үлгерген мексикалық боксшы капитанның осал тұсын тапты. Алдымен нокдаун ашылып, одан кейін жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов ақ орамалды ортаға тастады. 

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан қарсыластарын айқын ұтып шыққан болатын. 

IBA ұйымдастырып жатқан бокс кешінің басты кездесуінде Данияр Елеусінов ОАР елінен келген Джабулани Макхенсемен жұдырықтасады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай