Жапон боксшысын жеңген Жанқош Тұраров екінші чемпиондық атаққа ие болды

Жапон боксшысын жеңген Жанқош Тұраров екінші чемпиондық атаққа ие болды
Фото: @zhankoshturarov

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) Алматыдағы бокс кешінде жапон боксшысы Акихиро Кондодан (37-12-2, 21 КО) айласын асырды. Осылайша екінші чемпиондық атағына ие болды. 

33 жастағы отандасымыз қарсыласымен 12 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен айқын жеңіске жетті. 118:110, 120:108, 118:110 есебімен басым болды. 

Жанқош бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпиондық атағын қорғап қана қоймай, бос тұрған WBA Gold белбеуін жеңіп те алды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай