Сәтсіз жеребе! Футболдан Қазақстан құрамасы финалға шықса да сырт алаңда ойнайды

Сәтсіз жеребе! Футболдан Қазақстан құрамасы финалға шықса да сырт алаңда ойнайды
Фото: kff.kz

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы жартылай финалда Грекияны ұтатын болса да сырта алаңда ойнайтын болды. 

Жеребе нәтижесі бойынша Грузия – Люксембург құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазы Еуропа чемпионатына жолдама берілетін финалдық ойынды өз алаңында өткізеді. Оған қарсылас – Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазы. 

Магомед Адиев жаттықтыратын қазақ футболшылары жартылай финалды да сырт алаңда өткізетіні бұған дейін белгілі болған еді. Гректерді ұтып, финалға өтсе де сырт алаңда ойнайды. 

Ұлттар лигасының "А" тобындағы Уэльс - Финляндия арасындағы кездесудің ұтқаны Польша және Эстония құрамаларының жеңімпазы мен кездеседі. Осы секілді Босния және Герцеговина - Украина құрамаларының жеңімпазы Израиль мен Исландия ойынында ұтқанымен кездеседі. 

Жартылай финалдағы ойындар 2024 жылдың 21 наурызында өтсе, финал 26 наурызға жоспарланған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай