Нұрәлі Әліп Манчестер Юнайтедке ауысуы мүмкін бе? Сарапшы жауабы

Нұрәлі Әліп Манчестер Юнайтедке ауысуы мүмкін бе? Сарапшы жауабы
Фото: "Зенит" ФК

Қазақстан-Словения арасындағы матчтың алдында Нұрәлі Әліпке Манчестер Юнайтед қызғушылық танытып жатыр деген ақпарат тараған еді. Бұл қаншалықты рас? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың ойын сұрап көрді.

"Зениттің" бұрынғы бас бапкері Властимил Петржела Зениттің қорғаушысы Нұрәлі Әліптің "Манчестер Юнайтедке" ауысып жатса қуанышты екенін, бірақ бұған аса сеніңкіремейтінін айтты.

"Мен Әліптің "Манчестер Юнайтедке" өте алатынына сенбеймін. Егер "Манчестер Юнайтед" шынымен алып жатса, мен Әліпті барынша қолдаймын. Бірақ мен бұған сенбеймін", - деді Петржела Match TV-ге берген сұхбатында.

Спорт сарапшысы Бек Төлеудің сөзінше, бұл ақпарат жоқ жерден пайда болған жоқ.

"Қазақстан мен Словения матчына скауттар(барлаушы) келген. Олар Словения ойыншыларын және Нұрәлі Әліпті де бақылаған. Енді скауттар бұған дейін жинаған деректері бойынша клуб басшылығына деректер ұсынады. Кейін клуб басшылығы шешім қабылдайды. Отандасымыздың "Зенит" клубымен келісімшарты бар. Сондықтан Зенит Әліп үшін кемінде 5 миллион еуро сұрауы мүмкін", - деді ол.

Жасұлан Ордабаев

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz