Ашуға булыққан Месси қарсылас команда ойыншысын қылқындырып тоқтатты

Ашуға булыққан Месси қарсылас команда ойыншысын қылқындырып тоқтатты
Фото: ©twitter.com/Totalfootyy

Аргентина ұлттық құрамасының капитаны Лионель Месси Уругвайға қарсы өткен ойында ашуға булықты. Қарсылас команда ойыншысының әрекетіне қатқыл жауап қатып, қылқындырып тоқтатпақ болды. 

Бірінші таймда екі команда футболшылары арасында қақтығыс орын алды. Месси сол сәтте уругвайлық қорғаушы Матиас Оливейраға қарсы ұмтылып, тамағынан алды. Ойыншыларды бас төреші райынан қайтарып, кездесу қайта жалғасты. 

Ойында Уругвай құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Месси бастаған Аргентина футболшылары іріктеуде алғаш рет ұпайсыз қайтты. 

Кейіннен Месси ойындағы қақтығысқа қатысты сұраққа жауап беріп, жастардың тәрбиесіне сын айтқан. 

"Мен ойлағанның бәрін айтпай-ақ қояйын. Бірақ бұл жастар үлкенді сыйлауды үйренуі керек", - деген футболшы TyC Sports-қа берген сұхбатында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай