"Ақтөбеде" ойнаған футболшы "Қайратқа" ауысты

"Ақтөбеде" ойнаған футболшы "Қайратқа" ауысты
Фото: ©instagram.com/gadranil

Өткен маусымда "Ақтөбе" клубы сапында ойнаған қорғаушы Лука Гадрани Алматының "Қайрат" командасы сапына ауысты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қайрат" футбол клубы 26 жастағы грузиялық қорғаушымен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды. Келісім 2025 жылдың соңына дейін есептелген, - деп хабарлады "Қайрат" клубы

Лука Гадрани мансабын грузиялық "ВИТ Джорджия" мен "Динамо" Тбилисиде бастаған. 2016 жылдың екінші жартысында испаниялық "Алавестің" дублінде ойнады.

Кәсіби деңгейде Гадрани грузиялық "Цхинвали" мен "Рустави" клубтарының, Иранның "Шахин" мен Латвияның "Валмиера" клубтарында доп тепкен.

2022 жылдың басында қорғаушы "Таразға" ауысып, бірден қорғаныс көшбасшысы әрі чемпионаттағы үздік қорғаушылардың біріне айналды. Өткен маусымда Гадрани "Ақтөбе" сапында 26 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай