Зайнутдинов шешуші ойындар алдында ауыр жарақат алды

Зайнутдинов шешуші ойындар алдында ауыр жарақат алды
Фото: kff.kz

Түркияның "Бешикташ" клубының футболшысы, қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатының 12-туры аясында "Ыстамбұл Башахшехир" өткен ойында жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ойынның 35-минутында Зайнутдинов қарсыласынан допты тартып алмақ болған еді. Ойыншылардың бірі оның бетінен шынтақпен ұрып жіберді. Қазақстандық ойыншының бетінен қан кетті. Ойын бірнеше минутқа тоқтатылды, оның барысында Қазақстан құрамасының ойыншысына медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде Зайнутдинов 41-минутта ауыстырылды. 

Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Сан-Марино (17 қараша) және Словения (21 қараша) құрамаларына қарсы шешуші кездесулер өткізетін Қазақстан құрамасына шақырылған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек