Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік ойындар рейтингі жарияланды

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік ойындар рейтингі жарияланды
Фото: theguardian.com

Four Four Two порталы футболдан Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік ойындар рейтингін жариялады. Тізімге жанкүйерлер есінен әлі күнге дейін ұмытылмаған 25 матч енген. 

Танымал порталы таңдауы бойынша бірінші орынға Ыстанбұлдағы финал орналасқан. 2005 жылы өткен "Милан" мен "Ливерпуль" арасындағы кездесу таңғаларлық нәтижемен жанкүйерлер есінде қалған еді. Бірінші таймда италиялық клуб 3:0 есебімен ұтып тұрса, екінші таймда ағылшындық команда таразы басын теңестіріп, есепті 3:3-ке жеткізеді. Ойын соңындағы пенальти сериясында мерсисайдтық клубтың жолы болып, жеңімпаз атанған еді. 

Рейтингте екінші орынға 2016/17 жылғы маусымдағы "Барселона" мен ПСЖ арасындағы қарымта ойын енген. Бірінші ойында өз алаңында 4:0 есебімен жеңіске жеткен париждік команда қарымта кездесуде қарсыластарына 6:1 есебімен ұтылған болатын. 

Үштікті 1998/99 жылғы Чемпиондар лигасы финалындағы "Бавария" мен "Манчестер Юнайтед" командалары арасындағы ойын түйіндеп тұр. Ол ойында 1:0 есебімен ұтып тұрған мюнхендік клубты "қызыл сойқандар" соңғы қосымша уақытта екі гол соғып сан соқтырып кеткен еді. 

Үздік ойындардың толық тізімі:

1. "Милан" – "Ливерпуль" (3:3, 2:3 пенальтиден), 2004/2005-маусым.
2. "Барселона" – "ПСЖ" (6:1), 2016/2017.
3. "Манчестер Юнайтед" – "Бавария" (2:1), 1998/1999.
4. "Милан" – "Барселона" (4:0), 1993/1994.
5. "Депортиво" – "Милан" (4:0), 2003/2004.
6. "Монако" – "Реал" Мадрид (3:1), 2003/2004.
7. "Ювентус" – "Манчестер Юнайтед" (2:3), 1998/1999
8. "Аякс" – "Тоттенхэм" (2:3), 2018/2019.
9. "Боруссия" Дортмунд – "Малага" (3:2), 2012/2013.
10. "Вердер" – "Андерлехт" (5:3), 1993/1994.
11. "Реал" Мадрид – "Атлетико" (4:1), 2013/2014.
12. "Барселона" – "Манчестер Юнайтед" (3:1), 2010/2011.
13. "Ливерпуль" – "Олимпиакос" (3:1), 2004/2005.
14. "Челси" – "Барселона" (4:2), 2004/2005.
15. "Челси" – "Ливерпуль" (4:4), 2008/2009.
16. "Барселона" – "Интер" (1:0), 2009/2010.
17. "Манчестер Сити" – "Тоттенхэм" (4:3), 2018/2019.
18. "Аякс" – "Бавария" (5:2), 1994/1995.
19. "Ливерпуль" – "Барселона" (4:0), 2018/2019.
20. "Манчестер Сити" – "Монако" (5:3), 2016/2017.
21. "Монако" – "Депортиво" (8:3), 2003/2004.
22. "Интер" – "Арсенал" (1:5), 2003/2004.
23. "Барселона" – "Динамо" Киев (0:4), 1997/1998.
24. "Гамбург" – "Ювентус" (4:4), 2000/2001.
25. "Манчестер Сити" – "Реал" Мадрид (4:3), 2022/2023.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай