Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты
Фото: Adal Promotions

Орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 11К) қарсыласы ауысты. Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте чилилік Хулио Аламоспен (17-1, 9К) жұдырықтасатын болды. 

Хулио Аламос өзінің соңғы кездесуін орта салмақта IBO чемпиондық белбеуі үшін өткізген. Қазіргі уақытта ол Boxrec рейтингінде әлем бойынша 23-орында тұр.

Бұл кездесуде орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады! Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр, - деп хабарлады Adal Promotions компаниясы. 

Айта кетейік, Мейірім бұған дейін неміс боксшысы Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, жекпе-жектен бас тартқан еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай