Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды

Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды
Фото: ©ESPN

2023 жылғы "Алтын доп" иегері Лионель Месси болды. Париждегі "Шатл" театрында өткен кеште аргентиналық футболшы мансабында 8-ші рет бұл марапатқа ие болды. 

France Football таңдауы бойынша "Интер Майами" командасында ойнап жүрген шабуылшы ең көп дауысқа ие болған. Жеке рекордын жаңартып қана қоймай, MLS тарихында "Алтын доп" алған алғашқы футболшы атанды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ballon d’Or (@ballondorofficial)

2022 жылы Месси Катарда өткен мундиальда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды. 2023 жылдың жазында "Интер Майамиге" ауысты. "Алтын допты" бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары да жеңіп алған болатын. 

Дауыс беруде Мессиден кейінгі орынға Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"), Килиан Мбаппе (ПСЖ) мен Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") орналасқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ballon d’Or (@ballondorofficial)

Әйелдер арасында "Алтын допты" "Барселона" командасының футболшысы Айтана Бонмати жеңіп алды. Ең жас үздік футболшы марапатын "Реал" ойыншысы Джуд Беллингем иеленді. Үздік қақпашыға берілетін Яшин атындағы сыйлықты Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанған Эмилиано Мартинес жеңіп алды. Үздік шабуылшы марапаты Эрлинг Холандқа табысталды. "Манчестер Сити" болса жылдың үздік командасы атанды. 

О. Сансызбай