- Негізгі бет
- Спорт
- Сұлтан Әсетұлы 23...
Сұлтан Әсетұлы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтың финалында Сұлтан түркиялық палуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсып тапты. Аса тартысты өткен айқас 2-1 есебімен аяқталды.
Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ палуаны.
Кеше Ұлттық құрама палуаны іріктеудегі шиеленісті белдесуде украиналық Олег Халиловтан басым түскен. Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9-0).
Қазір Албаниядағы бәсекеде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 2 қола жүлде бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан