Сенсация: қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді

Сенсация: қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді
Фото: FIDE

23 жастағы Әлішер Сүлейменов сенсация жасап, дүниежүзінің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Әлішер Сүлейменов Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші кезеңінде Магнус Карлсенді ұтты.

FIDE дүниежүзілік рейтингінде Сүлейменов 528-орында, ал Карлсон бірінші орында тұр.

Сүлейменов павлодарда туып-өскен, былтыр Шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан