Қазақстан құрамасының капитаны даулы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
![Қазақстан құрамасының капитаны даулы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады](/userdata/news/news_91833/image_l.jpg)
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоудағы соңғы жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
71 келі салмақтағы жартылай финалдық кездесуде Асыланбек жапониялық Севон Окадзавадан жеңілді (2:3). Осылай Шымбергенов Азиаданың қола жүлдесіне ғана өол жеткізе алды.
"Мен үшін Азия ойындары осымен аяқталды. Жанкүйер болып қолдағандарыңызға үлкен рахмет", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.
Massaget.kzПосмотреть эту публикацию в Instagram