Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық шахматшы қыздар Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл команданың тарихи жүлдесі. Себебі бұған дейін отандастарымыз ширек финалдан аса алмаған. 

Қазақстандық шахматшылар финалда Грузия әйелдер құрамасына жол беріп алды. Бірінші финалдық ойында 1,5 - 2,5, екінші финалдық ойында 0,5 - 3,5 есебімен есе жіберді. 

Командалық әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова бен Әмина Қайырбекова ел намысын қорғады. 

Қола жүлде үшін өткен ойында АҚШ құрамасы Францияны ұтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!