Жәнібек Әлімханұлы "Канелоның" спарринг қарсыласымен жаттығып жүр

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда. Кезекті жаттығуын Сауль "Канело" Альварестің спарринг қарсыласымен өткізді. 

Қазақстандық боксшы Ласаро Лоренсаномен түскен фотосын жариялап, мексикалық боксшымен де жұдырықтасуға дайын екенін тілген тиек ете кеткен. 

Канелоның спарринг қарсыласы мексикалық Лазаромен 4 раунд спарринг Канелоға дайындық бір күнге де тоқтаған емес!, - деп жазды Жәнібек. 

Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ, Хьюстон) IBF чемпионы атағына ие неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) жұдырықтасады. Бұған дейін отандасымыз жаттықтырушысын да ауыстырған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!