US Open: Бублик алғашқы раундта-ақ жеңілді, Рыбакина турнирді сәтті бастады

US Open: Бублик алғашқы раундта-ақ жеңілді, Рыбакина турнирді сәтті бастады
Фото: WTA

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Елена Рыбакина US Open турнирінің бірінші айналымындағы матчтарын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде 81-орында тұрған аустриялық, 2020 жылғы US Open чемпионы Доминик Тиммен ойнап, одан үш сетте ұтылып қалды. Есеп - 3:6, 2:6, 4:6. 

Александр Бублик матч кезінде 17 қос қате жасап, 6 эйсті орындады. 

Ал Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 39-ракеткасы, украиналық, 21 жастағы Марта Костюкпен ойнады. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Елена Рыбакина матч кезінде 2 эйсті орындап, 4 қос қате жасады.

Рыбакинаның келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан