Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: USA TODAY Sports

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рыбакина бірінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі.

Еске салайық, "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов сәтті бастаған еді. 

Ерлер арасында бұл турнирде сонымен бірге Александр Бублик (жекелей сын), Александр Недовесов пен Андрей Голубев (жұптық сын) ойнайды.

Ал әйелдер арасында жекелей сын бойынша Елена Рыбакинамен қоса, Юлия Путинцева, ал жұптық сын бойынша Анна Данилина қатысады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан