Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген чемпионмен екі белбеу үшін жекпе-жекке шығады

Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген чемпионмен екі белбеу үшін жекпе-жекке шығады
Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Орта дивизионда WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) екінші белбеу үшін айқасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Инсайдер Майк Коппинджердің мәлімтеніше, Жәнібек IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) айқасқа шығады. Жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған. Бұл айқаста Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды. 

Гуальтьери кейінгі рет рингке 1 шілдеде шығып, төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңді де, Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленді. Винченцо бұған дейін Германиядан тыс жұдырықтасып көрмеген екен.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Massaget.kz