Тағы бір әйгілі футболшы арабиялық клубқа қосылды

Испаниялық әйгілі жартылай қорғаушы Андрес Иньеста Араб Әмірліктерінің "Эмирейтс" футбол клубымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

39 жастағы футболшымен келісімшарт 2024 жылға дейін жасалды.

Иньеста кейінгі бес маусымды жапониялық "Виссел Кобе" командасында өткізді. Ал оған дейін 22 жыл "Барселонада" ойнап, каталондықтармен 32 трофей жеңіп алған еді. Сонымен бірге, ол екі дүркін Еуропа чемпионы және Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған. 

Иньеста испаниялық футболшылар арасында титулы ең көп ойыншы. Сонымен қоса, жартылай қорғаушы әлемдік футбол тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі саналады.