Месси "Интер Майамидегі" екінші ойынында екі гол соқты

Месси "Интер Майамидегі" екінші ойынында екі гол соқты
Фото: ©instagram.com/intermiamicf

Аргентиналық футболшы Лионель Месси "Интер Майами" сапындағы алғашқы дублін жасады. MLS + MX лигасы кубогының топтық кезеңінде оның жаңа командасы "Атланта Юнайтедті" 4:0 есебімен ұтты. 

Ойында Месси 8-ші және 22-минутта гол соғып көзге түсті. Сондай-ақ бір нәтижелі пас берді. Командаласы Роберт Тэйлор да нәтижелі ойынымен ерекшеленді. Ол да дубль жасап, бір нәтижелі пастың авторы атанды. 

Айта кетейік, Месси "Интер Майами" сапын жақында ғана толықтырды. Командадағы бірінші ойынында айып добынан гол соғып, командасына жеңіс сыйлаған болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай