- Негізгі бет
- Спорт
- Тарихи жүлде! Қазақстандық...
Тарихи жүлде! Қазақстандық әртістік жүзуден әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Эдуард Ким әртістік жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216.0000 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді. Испан Диас дель Рио Сол Фернандо мен америкалық Годе Кеннетке есе жіберді.
Ерлер арасындағы әртістік жүзу биыл алғаш рет əлем чемпионатына қосылды. Жапониядағы жарыс финалында 10 спортшы алғашқы жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы суда жүзу, су добы (ерлер, әйелдер) және ашық суда жүзу жарыстарында өнер көрсетеді. Дода 30 шілдеде аяқталады.