Уимблдон: Рыбакинаны жарыс жолынан шығарған теннисші финалға өтті

Уимблдон: Рыбакинаны жарыс жолынан шығарған теннисші финалға өтті
Фото: wimbledon.com

Тунистік теннисші, әлемнің алтыншы ракеткасы Онс Жабер Уимблдон турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнады. Онс Жабер қарсыласын үш сетте 6:7(5:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Енді тунистік теннисші Уимблдон турнирінің финалында чехиялық теннисші Маркета Вондроушовамен ойнайды. Финалдық кездесу 15 шілдеге жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалдағы матчта тунистік теннисші Онс Жаберден жеңілген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан