Боксшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды соққыға жыққаны расталды

Боксшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды соққыға жыққаны расталды

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Қазір осы іспен айналысып жатырмыз. Бәрі сараптама арқылы анықталады. Қылмыстық іс қозғалды. Иә, видеодағы боксшы Бейбіт Шүменов. Әзірге сараптаманы күтейік", - деді Сұнтаев. 

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина