- Негізгі бет
- Спорт
- Желіде Бейбіт Шүменовтің...
Желіде Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан видеосы тарады
Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Kozachkov offside Telegram-каналының мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі – қолында баласы бар ер адамға шабуыл жасаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.
"Астана полициясындағы дереккөз 18 маусымда Mega Silkway сауда орталығынан 102 пультіне мейрамханалардың бірінде жұдырықтасып қалған екі ер адам арасындағы жанжалға байланысты қоңырау түскенін айтты. Жанжалға балалар арасындағы жанжал себеп болған. Осы үшін олардың әкелері жанжалдасып, ары қарай не болғаны видеоға түсіп қалған.
Оқиға орнына барған патруль төбелеске бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен Астана тұрғыны Әзизбек Қадыровтың қатысқанын анықтады. Соңғысы белгілі жағдайларға байланысты жекпе-жекте жеңіліп, дене жарақатын алғандықтан, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Осыдан кейін материалдар учаскелік полиция қызметкеріне жолданып, менің түсінуімше, одан қылмыс құрамын таппай, істі жапты.
Ал видео интернетте пайда болғаннан кейін іс соған қарамастан тіркелді. Әзірше бұзақылық бойынша. Орташа ауырлықтағы қылмыс үшін 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жаза беріледі. Бірақ татуласуға болады, содан кейін іс жабылады", - деп жазды Telegram-канал.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан