- Негізгі бет
- Спорт
- Астанада өткен халықаралық...
Астанада өткен халықаралық турнирдің үздік боксшылары анықталды
Бокстан Астанада ұйымдастырылған "Elorda Cup 2023" халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Сондай-ақ жарыстағы үздік боксшылар анықталды.
Ерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаса, әйелдер арасында 12 салмақта жекпе-жектер өтті. Барлығы 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынады.
Жарыс жеңімпазы 700 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Күміс жүлдегер – 400, қола медаль иесі 200 доллар иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Махмұд Сабырхан (-57 келі), әйелдер арасында қытайлық Ян Ченьгю (-63 келі) үздік боксшы атанды.
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да 8 алтын медальдан еншіледі.
48 келі:
Теміртас Жүсіпов
Ернұр Қайрат
Али Токтаров и Кеишам Санжит Сингх (Үндістан)
51 келі:
Сәкен Бибосынов
Кенже Маратұлы
Танарат Саенгфет (Таиланд), Асилбек Джалилов (Өзбекстан)
54 келі:
Тимур Кабдеш
Азат Махметов (Бахрейн)
Дәулет Молдашев және Кәрім Серкебаев
57 келі:
Махмуд Сабырхан
Асылжан Серікбай
Серік Теміржанов және Суктхет Сарафут (Таиланд)
60 келі:
Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан)
Бекнур Ожанов
Лунда Гантумур (Моңғолия) және Кумар Вишай (Үндістан)
63,5 келі:
Ертуған Зейнулиннов
Кунатип Пидунч (Таиланд)
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сұлтан Мусинов
67 келі:
Шамшер Саидов (Тәжікстан)
Елнұр Сүйінбай
Темірхан Тезек, Рахат Сейітжан
71 келі:
Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
Ермахан Жақпеков
Фарух Тохтасынов және Талғат Шайкен
75 келі:
Нұрқанат Райыс
Диас Молжігітов
Арман Арманұлы, Ильяр Аширов
80 келі:
Таңатқан Тоқтарбек (Қытай)
Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)
Илья Киселев және Турабек Хабибулаев (Өзбекстан)
86 келі:
Абзал Құттыбеков
Шаймұрат Құсаинов
Парвиз Каримов (Тәжікстан) және Сумит Сумит (Үндістан)
92 келі:
Сағындык Тоғамбай
Данияр Рахымбердинов
Айбек Оралбай және Нұрсатбек Тохиров (Өзбекстан)
+92 келі:
Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Данабек Байғазы (Қытай)
Нұрлан Сапарбай және Мұхаммад Аброриддинов (Тәжікстан)
Әйелдер арасында отандастарымыз Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі) жарыс жеңімпазы атанды.
О. Сансызбай