85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында дене шынықтыру және спорт саласын цифрландыру барысы туралы баяндама жасады.

Министрлік "E-sport: дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы" атты ақпараттық жүйені енгізіп жатыр.

Жобаның бірінші кезеңінде пилоттық режимде үш негізгі модуль іске қосылды:

  • спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілердің электрон паспорты;
  • спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрон күнтізбесі;
  • спорт ғимараттарының бірыңғай тізімі.

Қазір жүйе тестілеуден өтіп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget