Тағы бір бокс федерациясы IBA құрамынан шығатынын хабарлады

Тағы бір бокс федерациясы IBA құрамынан шығатынын хабарлады
Фото: ©IBA

Швейцария бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) құрамынан шығып, жаңадан құрылған World Boxing ұйымына қосылмақ. 

Бұған дейін IBA құрамынан АҚШ құрамасы шыққан болатын. 

Біз тез арада IBA құрамынан шығып, жаңадан құрылған World Boxing ұйымына қосылу туралы шешім қабылдадық. Бұл шешімнің жылдам күшіне енуі делегаттар ассамблеясында қаралатын болады.  Мұндай шешімді қабылдауға Халықаралық Олимпиада комитетінің енді ІВА-ны бокстан төртжылдықтың басты бәсекесін өткізе алмайтынын мәлімдеуі себеп. Тағы бір себеп - жемқорлыққа қатысты айыптаулар мен этикалық нормалардың көптеп бұзылуы, - деп федерация мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында IBA Ресей және Беларусь елінің боксшылары халықаралық жарыстарға өз Туымен қатыса беруіне рұқсат еткен еді. Нәтижесінде биылғы ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионатына Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Канада мен Украина құрамалары қатысудан бас тартты. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай