"Жекпе жек алдында құттықтап, қарыз сұрады". Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатындағы қысым туралы айтты

"Жекпе жек алдында құттықтап, қарыз сұрады". Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатындағы қысым туралы айтты
Фото: prosports.kz

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Асланбек Шымбергенов жекпе-жек алдындағы қысым туралы ашық айтты.

Өзбекстанда Қазақстан құрамасының капитаны 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирде жеңіске жеткенімен, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында жүлдеге алуы мүмкін еді.

"Мен Шахрам Гиясовты жеңдім, ол Олимпиаданың ең мықты қарсыласы, финалисті болатын. Жеңіске жеткеннен кейін барлығы маған телефон шалып: "Болды, сен чемпионсың" деді. Ал немісті жеңгеннен кейін достарым телефон соғып: "Көлікті маған несиеге бер, кейін басқасын беремін" деді. Осыдан кейін төсекте жатып, алдағы жекпе жек туралы емес, ақша туралы ойладым. "Әкімге барайын, көлік алайын, ат береді" деген ойлар болды. Келесі жекпе жекке шығып, жеңіліп қалдым. Жеңіс уысымда еді, сусып түсіп кетті. Жеңілдім, өйткені менің ойым мүлде басқа жақта, жекпе жекке іштей дайын емес едім", - деді боксшы QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұқбатында.

 

Еске салайық, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының 1/16 финалында Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты төрешілердің шешімімен бірауыздан ұтқан болатын.

Қазақстандықпен жекпе-жекке дейін Гиясов кәсіпқой мансабын бастап, қатарынан 11 жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Сонымен қатар, ол 2016 жылғы Олимпиаданың күмісін және 2017 жылғы әлем чемпионатының алтынын алған еді.

1/8 финал кезеңінде Асланбек германиялық Магомед Шахидовты техникалық нокаутпен жеңгенімен, ширек финалда ол украиналық Юрий Захареевке есе жіберді.

Шымбергенов 2:3 есебімен жеңілсе, Захареев алтыннан алқа тағынды.

"Мен жеңіліп қалдым, бұл маған сабақ болды, Азияда өткеннен кейін өзімді психологиялық тұрғыдан дайындадым, қарсыластарымды бақылап отырдым. Өзімді қиындықсыз өте алатын қарсыластар үшін де дайындап қойдым. Енді міне, чемпион атандым. Бірден сыйллықа төрт ат алдым", - деді Асланбек Шымбергенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Шымбергеновтен бөлек, Ташкентте бокстан Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін әлемдік турнир жеңімпаздарына Жамбыл облысы мен Астанада жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілгенін жазған едік.

Қазақстандық спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында бес финалдың төртеуінде жеңіске жетіп, тарихи табысын қайталады. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт рет чемпион атанған болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Т. Раушанұлы