Әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары қанша табыс тапты?

Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңісті өнері үшін қазақстандық боксшылардың қомақты жүлде қоры анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Финалға 5 қазақстандық боксшы шығып, оның төртеуі 2023 жылдың әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA екі еселенген сыйақысы – әрқайсысына 200 000 доллардан алатыны белгілі болды.

Ташкенттегі турнир чемпиондарына Қазақстан бокс федерациясы (ҚФС) тағы 100 000 доллардан төлейді.

Қазақстан құрамасы боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі гонорары
1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі категорияда чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!