Келесі айқаста Қонқабаев пен Джалолов кездеседі

Келесі айқаста Қонқабаев пен Джалолов кездеседі
Фото: ©allboxing.ru

Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

92 келіден аса салмақтағы бұл айқас финалға татиды, алайда турнир кестесі екі боксшыны ширек финалда кездестіріп отыр. Жекпе-жек 10 мамырда өтеді. 

Айта кетейік, 1/8 финалда Қамшыбек сириялық Мохаммед Млайесті жеңді, ал Джалолов аустарлиялық Теремоан Джуниордан басым түсті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова