Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді
Фото: ©instagram.com/altynbekova_20

Түркияның Milliyet сайтында әлемдегі ең бай волейболшы қыздардың тізімі жарияланды. Бұл қатарда қазақстандық Сабина Алтынбекова да бар.

Интернет-басылым ең бай 20 волейболшының рейтингін түзген. Отандасымыз Сабина Алтынбекова 11-орында тұр. Байлығын 4,7 миллион доллар деп бағамдаған. Тізім клубтық деңгейдегі табысы, демеушілер қолдауы мен жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы негізінде түзілген. 

Сабина Алтынбекова БАӘ-нің "Аль-Васл" клубында ойнайды. Жуырда ғана аталған елдің ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ең бай 20 волейболшы:

20. Клара Перич/1,8 миллион доллар
19. Изабель Хок/2,1 миллион доллар
18. Келси Робинсон/2,9 миллион доллар
17. Саори Кимура/3,2 миллион доллар
16. Тияна Бошкович/3,4 миллион доллар
15. Джордан Куинн Ларсон/3,7 миллион доллар
14. Зехра Гюнеш/4 миллион доллар
13. Эбрар Каракурт/4,2 миллион доллар
12. Наталия Гончарова/4,4 миллион доллар
11. Сабина Алтынбекова/4,7 миллион доллар
10. Саманта Брисио Рамос/4,7 миллион доллар
9. Бренда Кастильо/6 миллион доллар
8. Фабиана Клаудино/6,9 миллион доллар
7. Ким Ен Кен/7 миллион доллар
6. Юлия Герасимова/7 миллион доллар
5. Паола Эгону/7,3 миллион доллар
4. Таиса Дахер Паллези/7,7 миллион доллар
3. Габриэла Гимараес/8,8 миллион доллар
2. Жаклин Карвальо/9,1 миллион доллар
1. Шела Кастро/12 миллион доллар

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай