Александр Бублик "Мастерс" турниріндегі алғашқы жеңісіне 3 сағатқа жуық уақыт жұмсады

Александр Бублик "Мастерс" турниріндегі алғашқы жеңісіне 3 сағатқа жуық уақыт жұмсады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әлемнің 100-ракеткасы, колумбиялық Даниэль-Элаи Галанды 7:6 (17:15), 6:7 (4:7), 6:4 есебімен жеңді.

Александр Бублик бұл жеңісіне 2 сағат 50 минут уақыт жұмсады. Теннисшілер бірінші сеттің өзін 1 сағат 7 минут ойнаған. Бұл биылғы маусымдағы ең ұзақ тай-брейктердің бірі ретінде есте қалады.

Қазақстандық теннисші енді турнирдің 1/32 финалында әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Рунемен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан