Юлия Путинцева Мадридтегі турнирдің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юлия Путинцева америкалық теннисші, әлемнің 55-ракеткасы Клер Лимен ойнады. Есеп 6:4, 6:4.

Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Юлия Путинцева матч кезінде бір эйс орындап және бірде-бір қос қателік жасамады. Енді ол турнирдің келесі кезеңінде франциялық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен ойнайды.

Қазақстандық теннисші бір күн бұрын WTA-рейтингісінде 6 саты төмен түсіп, 45-орыннан 51-орынға жайғасқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!