Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол тойда түскен өзінің және күйеу жігітінің фотосын Instagram-дағы парақшасына салды.

Шахматшы фотоларын "Forever yours, forever mine. N.K?" деген жазумен бөліскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

Жансая Әбдімәліктің өмірлік серігі - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 1 желтоқсанда тағайындалған.

Спортшының оқырмандары "Сіздің өмірлік жарыңызды өмір бойы көргім келіп еді, қандай болады, кім болады дегендей, бақытты болыңыздар", "Бақытты болыңдар, тіл-көзден аман болыңдар", "Жезқазғанға +1 келін" деп пікір жазып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан