Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирден не себепті шығып қалғаны белгілі болды

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирден не себепті шығып қалғаны белгілі болды
Фото: bettingexpert.com

Қазақстандық теннисші Германияның Штутгарт қаласындағы WTA-500 турнирінен не себепті шығып қалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

InsideSport-тың хабарлауынша, Елена Рыбакина белінен жарақат алған және дәл осы жарақат оның матчтан жалғастырмай, ойыннан бас тартуына себеп болған.

Бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя бірінші сетте қазақстандық теннисшіні 6:1 есебімен ұтып, екінші сетте Елена Рыбакина матчты жалғастырудан бас тартты (3:1). Дәл осы екінші сетте Рыбакина медициналық үзіліс алды, алайда бұл теннисшіге көмектеспеді. Қазақстандық көп ойланбастан, матчты мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан