Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапон боксшысын нокаутқа түсірді

Орта салмақта бақ сынайтын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Инчхонда өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. 

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундта аяқталды. Мейірімнің ширақ шабуыл, жойқын сериялы соққыларынан кейін жапон боксшысы ес жия алған жоқ. Төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты. 

Қазақстандық боксшы қарсыласын үшінші раундта-ақ ұтып шығатын сәт болған. Алайда Кадзуто Такесако жылдам ес жиып, соққыларға шыдас бере білді. 

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Бірде-бір рет ұтылмаған. Ал жапон боксшысы алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADAL PROMOTIONS (@adal_promotions)

Инчхондағы бокс кешінде тағы бір отандасымыз Нұрсұлтан Аманжолов та жекпе-жек өткізді. Ол жергілікті боксшы Ан Сук Хиді нокаутпен жеңді.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай