80 жасында 42 шақырымды жүгіріп өтіп, Нью-Йорк марафонына қатысқан ақсақал елге оралды. Бұл туралы Астана әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүгіруден Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанған Салтанат Түйтебаев елге оралды. Көпке үлгі, жүгіруді күнделікті әдетіне айналдырған қарияны көпшілік құшақ жая қарсы алды.
"Әлемде беделді 6 марафон бар. Олар Лондон, Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио қалаларында өтеді. Бұл бәсекеге тек жарна төлеп қатыса алмайсың. Арнайы уақыт нормативін орындауың қажет. Амстердамдағы тасжолда белгілі бір уақыт көрсеткішін тіркеп, Нью-Йорк марафонына қатысуға өтініш жібергенмін. Биыл 200 мың үміткер арасынан шақырту алдым. Осымен екінші мәрте Нью-Йорк марафонында жүгіру бақыты бұйырды", - деді Салтанат Түйтебаев.
80 жастағы ақсақал бұған дейін 2021 жылы Нью-Йорк марафонына қатысып, 75-79 жас санатында күміс жүлде алған еді. Араға 4 жыл салып, ол 42,2 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!