- Негізгі бет
- Спорт
- Айдос Ербосынұлының ауыр...
Айдос Ербосынұлының ауыр нокауттан кейінгі жағдайы белгілі болды
Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі жеңілісінен кейінгі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жектің 12-раундында нокаутпен жеңілген еді. Оның жағдайы туралы спортшының өкілі саналатын Suleimen Promotions мәлімдеме жасады.
"Жақсы жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан кейін терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.
АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Батырымызға қолдау көрсетейік", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова