Әлімханұлы: "Канело" менімен жекпе-жекке келіспейді"

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) мықтылығына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібектің сөзінше, Альварес бабынан тайып барады және өзімен жекпе-жек өткізуге келіспейді. 

"Ол менімен жекпе-жекке шықпайды. Орта салмақтағы ең мықты боксшымен жекпе-жек өткізіп несі бар? Мен қазір бабымдамын", - деп береді Әлімханұлының сөзін BoxingScene.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!