7 жастағы оқушыны ұрып өлтірген жаттықтырушы кінәлі емес екенін айтты

7 жастағы оқушыны ұрып өлтірген жаттықтырушы кінәлі емес екенін айтты
Фото: Жаттықтырушы Мехман Халилов сол жақта, қайтыс болған баланың анасы Айнұр Бакарова оң жақта/©qafqazinfo.az

Әзербайжанда 7 жасар Фарид Бакаровтың өліміне қатысты жаттықтырушы Мехман Халилов өзінің кінәлі емес екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Media.az-ға сілтеме жасап.

Бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтінішті қарау кезінде Мехман Халилов баланың өліміне кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сумғайыт қалалық прокуратурасында "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мехман Халилов күдікті ретінде ұсталды.

Еске салайық, кеше Әзербайжанның Сумгаит қаласында жағаұстатар жайт болған еді. Дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған. Оқиға басқа балалардың көзінше болған.

Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы бала мойнын сындырып алған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.  

Жаттықтырушы 7 жастағы оқушыны ұрып өлтірген: оқиғаға қатысты күтпеген дерек айтылды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова