Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін 2 миллион доллар табыс тапты, - деп хабарлайды  Sports.kz сайты.

Төменде спортшының "Үлкен дулыға" турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан.

"Ролан Гаррос"-2019: бірінші айналым, 40 000 доллар

US Open-2019: бірінші айналым, 58 000 доллар

Australian Open-2020: үшінші айналым, 124 138 доллар

US Open-2020: екінші айналым, 100 000 доллар

"Ролан Гаррос"-2020: екінші айналым, 84 000 доллар

Australian Open-2021: екінші айналым, 115 500 доллар

"Ролан Гаррос"-2021: ширек финал, 283 500 доллар

Уимблдон-2021: 1/8 финал, 211 770 доллар

US Open-2021: үшінші айналым, 180 000 доллар

Australian Open-2022: екінші айналым, 102 200 доллар

"Ролан Гаррос"-2022: үшінші айналым, 126 000 доллар

Уимблдон-2022: титул, 2 320 000 доллар