Головкин ең қауіпті панчерлер тізіміне енді

Спорт туралы жазатын британиялық talkSPORT порталы әр дивизиондағы ең мықты панчерлер тізімін жасады. Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин де кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG бір кездері қатарынан 23 нокаут сериясын жасады, нокаут коэффиценті 84 пайыз. Ол жылдар бойы қарсыластарын жеңіп келді, кейінгі жеңісі сәуірде Риоота Муратамен өткен жекпе-жекте болды", - деп жазады басылым. 

Тізімде Сауль Канело Альварес те бар.

Айта кетейік, ең мықты панчерлер қатарында мына боксшылар да бар: Деонтей Уайлдер, Артур Бетербиев, Джермелл Чарло, Теренс Кроуфорд, Джервонта Вэвис, Маурисио Лара, Брэндон Фигероа, Наоя Иноуэ, Срисакет Сор Рунгвисаи, Дзюнто Накатани и Масатака Танигути.